• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

Әлем көшбасшылары Қазақстан Президентін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауда

156 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Германия Федеративтік Республикасының Президенті Йоахим Гаук өз құттықтауында Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен. «Көпұлтты Қазақстан қоғамындағы бейбітшілік пен келісім елдеріңіздің өркендеуіне қолайлы жағдай туғызып отыр. Германия Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала береді және демократия мен заңның үстемдігі жөніндегі саяси үнқатысуды жалғастыруға ниетті», - делінген жеделхатта. Сондай-ақ, Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хе республикамыздың азаматтарын құттықтап, екі ел халқының достығы одан әрі нығая беруіне тілектестік білдірді. «Қазақстан Президентінің өткен айдағы мемлекеттік сапары елдеріміз арасындағы осы жылдарда үздіксіз дамып келе жатқан стратегиялық әріптестіктің одан әрі нығая түсуіне септігін тигізді деп ойлаймын. Қазақстан Республикасына баянды ғұмыр мен бақ-береке тілеймін», - делінген құттықтау жеделхатында.