• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

Головкин мен Альверс арасындағы жекпе-жек келесі жылы өтеді

187 рет
көрсетілді

Мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (48-1-1, 34 КО) промоутері Оскар Де Ла Хойя 2017 жылы қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) міндетті түрде жекпе-жек ұйымдастыратынын мәлімдеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. «Альварес 160 фунтқа дейін салмағын көтеріп, Головкинмен жұдырықтасады. Ол GGG-дан жасқанады деп айта алмаймын. Бұл айқас келесі жылы өтетініне кепілдік ретінде промоутерлік лицензиямды қоюға дайынмын», – деп ESPN телеарнасына сұхбат берді. Айта кетейік, қос боксшының арасындағы кездесу биыл өтуі тиіс болатын. Алайда, мексикалық орта салмақтағы өзінің WBC титулын жекпе-жексіз Головкинге берді. Бұған қарамастан екі тарап әлі де болсын бұл айқастың орын алатынын хабарлап тұрады. Алдын ала болжам бойынша 2017 жылдың қыркүйек айында өтуі мүмкін.