• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

«Атырау» футбол командасына жаңа жаттықтырушы келді

188 рет
көрсетілді

«Атырау» футбол командасының жаңа жаттықтырушысы болып, 55 жастағы Зоран Вулич тағайындалды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Зоран Вулич – қорғаныста өнер көрсеткен әйгілі югославиялық футболшы. Өз заманында Хорватияның «Хайдук», Испанияның «Мальорка», Францияның «Нант» командаларында, сондай-ақ, Югославия және Хорватия ұлттық құрамаларында ойнаған. Хорватияның «Сплит», «Истра 1961», «Риека», сондай-ақ Ресейдің «Луч-Энергии» сынды командаларының жаттықтырушысы болған. Соңғы рет Молдавияның «Шериф» ұжымын басқарып, 2016 жылы өз еркімен орнынан кеткен. Айта кетейік, «Атыраудың» бұрынғы бапкері Стойчо Младенов жұмысын «Қайсарда» жалғастыратын болады.