• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

«Қазпошта» «Мәңгілік ел» маркасын шығарды

242 рет
көрсетілді

«Қазпошта» АҚ ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік ел» маркасын шығарды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде компанияның басқарушы директоры Сәуле Егембердиева мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz. Бүгін «Қазпошта» АҚ ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жаңа пошта маркасын шығарып, оған салтанатты түрде мөр басты. Марканың тиражы – 7 500. Бағасы – 100 теңге. «Тәуелсіздік жылдары «Қазпошта» АҚ еліміздегі басқа компаниялар сияқты отандық экономиканың тұрақты дамуына өз үлесін қосты. 25 жылда компания мыңнан астам марка түрін шығарды. Ал бүгін компаниямыз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Мәңгілік ел» маркасын шығарды. Тиражы – 7 500, бағасы – 100 теңге. Жаңа маркалар пошта бөлімшелерінде сатылады», – деді Сәуле Егембердиева.