Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасының қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған салтанатты шара өтіп жатыр.
Шарада сөз алған мемлекет басшысы 25 жылдың ішінде елдің жеткен жетістіктерінің бірсыпырасын тілге тиек етті.
“1991-2016 жылдар аралығында қазақстандықтардың табысы 40 есеге, ал елдің жалпы ішкі өнімі 20 есеге артты. Шамамен 2 миллион жұмыс орны ашылды”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.