• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

Елбасы: Тәуелсіздік жылдары елімізден 3,6 млн адам көшіп кетті

154 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік жылдары бір қаланың тұрғындары көшіп кетіп отырды. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты. «1991 жылдан бастап елімізден түрлі себептермен шамамен 3,6 млн адам көшіп кетті. Шын мәнінде, жыл сайын бізден 1 қаланың тұрғыны кетіп отырды және осы жылдары ел халқының саны 17,5 миллионнан 14 миллион адамға дейін қысқарды. Бұл біздің экономикамызға қосымша ауыр соққы болған еді. Әлемге біз қызықты емес едік. Қажетіміз болған жоқ. Бүгін мұның барлығы да небәрі 25 жыл бұрын болғанын ойлап көрудің өзі қиынға соғады. Біз бәріміз бірге барлық  қиындықтардан өтіп, мықты бола түстік», - деп атап өтті Елбасы.