Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында дүниеге келген сәбиге берілетін жәрдемақыны 20 пайызға арттыруды тапсырды.
«2017 жылдың 1 шілдесінен баланың тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы көлемін 20 пайызға арттыруды тапсырамын. Қазіргі кезде бізде бала туу деңгейі өте жоғары. Өсім 55 пайызға жетті», – деді Елбасы.