• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

Мемлекет басшысы: Қазақ тілінің мәртебесі көтерілді

187 рет
көрсетілді

Елордада өтіп жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемендік жылдарындағы қазақ тілінің жағдайына баға берді. «Біз қасиетті қазақ тілі мен ұлттық мәдениетіміздің жаһандық гуманитарлық кеңістікке еркін енуін қамтамасыз еттік. Өздеріңіз көріп, естідіңіздер, қазақтың тілі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының төрінен естілді. Ол ғарыштан да естілді, бүгінде интернеттің де тілі. Отандық ақпарат құралдарының басым көпшілігі қазақша шығады. Естеріңізде болса, бір кезде, Тәуелсіздікке дейін Алматыда бір ғана қазақ мектебі бар еді. Өткен 25 жылда елімізде қазақ тілінде білім беретін 1 мыңнан астам мектеп ашылды», – деп атап өтті Елбасы. Осы орайда, Мемлекет басшысы қазақтың тілі АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Мажарстан, Польша, Әзербайжан, Армения сияқты елдердің белді университеттерінде оқытылып жүргендігін жеткізді. «Қазіргі таңда мектеп оқушыларының үштен екісінен астамы, студенттердің 60 пайызға жуығы мемлекеттік тілде білім алып жатыр. Еліміз бойынша қазақ тілін оқытатын 350 орталық табысты жұмыс істеуде», - деді Президент.