• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

Жетісуда Кеңес Одағының батыры Мұсабек Сеңгірбаевқа ескерткіш ашылды

570 рет
көрсетілді

Талдықорған әскери-техникалық мектебінде Кеңес Одағының батыры, 28 панфиловшының бірі Мұсабек Сеңгірбаевқа ескерткіш мүсін ашылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Батыр мүсіні Болашақ офицерлер мен сарбаздарды тәрбиелейтін білім ордасындағы Әскери даңқ музейінде орын тепті. Мұсабек Сеңгірбаевтың ұрпақтары аталарының ерлігі жастарға патриоттық тәрбие беріп, Отан қорғаушылардың рухани шыңдалуына үлес қосады деген сенімде. Кеңес Одағының батыры Мәскеу қаласын қорғауда қолындағы гранатасымен жау танкісіне қарай ұмтылып, ерекше ерлік көрсеткен болатын. Мұсабек Сеңгірбаев 1917 жылы Алматы облысы, Көксу ауданы, Қызыларық ауылында дүниеге келген. Жас жауынгер 1941 жылы майданға аттанып, Мәскеу түбіндегі Волоколам ауданы, Дубосеково ауылында Отанын қорғауда ерлікпен қаза тапты. Екінші дүниежүзілік соғыста көрсеткен ержүректілігі үшін Кеңес Одағының батыры атағы беріледі.