• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

Гурбангұлы Бердымұхамедов келер жылғы сайлауға үміткерлігін ұсынды

166 рет
көрсетілді

Түркменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов 2017 жылдың ақпанында болатын президенттік сайлауға өз үміткерлігін ұсынды, деп хабарлайды Haberler басылымы. Басылымның мәліметінше, мұндай шешім Түркменстанның демократиялық партиясы конференциясында қабылданып, қазір Түркменстандағы сайлау және референдум бойынша орталық комиссияға жөнелтілді. Айта кетейік, елдегі сайлау кампаниясы 2016 жылдың 24 қазанында басталған. Түркменстан Мәжілісінің Қаулысына сай, президенттік сайлау 2017 жылдың 12 ақпанында өтеді. Ал алдағы 15 желтоқсанда елдегі Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер партиясынан, 17 желтоқсанда Аграрлық партия атынан үміткердің есімі белгілі болады. Қазіргі президент Гурбунгұлу Бердымұхамедов 2007 жылдың ақпанынан бері ел басында.