Кәсіпқой бокста жеңіліс көрмеген қазақстандық Иса Ақбербаев беделді бокс қауымдастығында өз рейтингін нығайта түсті, деп хабарлады sports.kz.
Майами штатындағы WBC конвенциясында Ақбербаевтың әлемдік кестеде бірден 8 орынға көтеріліп, 32-орынға жайғасқаны белгілі болды. Ол алдағы жекпе-жегінде жеңіске жеткен жағдайда үздік 20 боксшының қатарына кіреді.