Израиль мен Ливан арасындағы атысты тоқтату режимі үш аптаға дейін ұзартылды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Келіссөздерге «Хезболла» өкілдері қатыспаған. Топ өкілдері атысты тоқтату режимін қолдайтынын, бірақ Израиль тарапынан келісім толық сақталуы тиіс екенін мәлімдеген. Сондай-ақ олар тікелей келіссөздерге қарсы ұстанымын білдірді.
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Атысты тоқтату туралы уағдаластық өткен аптадағы Вашингтондағы келіссөздерден кейін жасалып, қақтығыстар деңгейін айтарлықтай төмендеткенімен, Ливанның оңтүстігінде шиеленіс әлі де жалғасып жатыр.