• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

Оралда жас өрт сөндірушілер ант қабылдады

252 рет
көрсетілді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Оралдағы Жеңіс алаңында азаматтық қорғау ардагерлері, өрт сөндіру бөлімшелерінің ұжымдары, өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің басшылары бас қосты. Онда жас өрт сөндірушілер салтанатты түрде ант қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Рашид Блялов жеке құрам мен меймандарды еліміздегі ең ұлық мейраммен құттықтап, сала қызметкерлерінің төтенше жағдайларды болдырмау және зардаптарын жоюдағы жанқиярлық еңбегін атап көрсетті. Департамент ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Людмила Бизянова жас қызметкерлерге ақ жол тіледі. ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, осындай мерекелі күні БҚО өртке қарсы қызмет гарнизоны жәдел әрекет ету автокөлігімен және КамАЗ 5350 шассиіндегі АЦ-5 өрт сөндіру көлігімен толықты. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті арқылы келген бұл екі арнайы көліктің жалпы құны 59 млн теңге тұрады.