• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2016

Республикалық жыр мүшәйрасы қорытындыланды

318 рет
көрсетілді

Бес жұлдызды «Алматы» шипажайы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және «Алматы» шипажайының құрылғанына 50 жыл толу мерейтойы қарсаңында «Өз еліңде демал, өз жеріңде ем ал!» атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялаған болатын. Бүгін сайыстың қорытындысы шығып, жүлдегерлер марапатталды. Елімізге белгілі ақындар қазылық жасаған жыр сайысында бірінші орынды Серік Қалиев иеленді («Алматы» шипажайына 10 күндік жолдама LUX), екінші  орынға  -  Қуаныш Қолқаев, Олжас Қасым лайық деп танылды («Алматы» шипажайына 10 күндік жолдама STD). Үшінші орын Айдана Сегізбаева, Бауыржан Әлқожа, Наурызбек Саршаевқа бұйырды ( «Алматы» шипажайына 7 күндік жолдама STD). Рауан Қайдар мен Қазбек Байжұманға арнайы жүлде беріліп, олар 7 күнге стандарт нөмірде демалуға жолдама алды. Манас Қайыртай, Аслан Тілегенов, Сайлаубай Тойлыбаев, Ұлмекен Лесбекова ынталандыру сыйлығын алды. «Мүшәйраның мақсаты -  Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттау, отандық туризмнің дамуына ықпал ету, «Алматы» шипажайының қол жеткізген табыстарын халыққа паш ету, дарынды ақындардың шығармашылық қабілетін ұштау болып табылады», дейді шараны ұйымдастырушылар.