• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
16 Желтоқсан, 2016

Намыс оты жүрегімізде

190 рет
көрсетілді

Биыл Қазақстанның Тәу­ел­сіздігіне – 25 жыл. Мен Елтаң­басы, Туы, Әнұраны, өзінің теңгесі, Президенті бар осындай мемлекетте туғаныма, тұра­тыныма мақтанамын. Бұл сезім менің бойымды алғаш мектепке барған кезімде кернеді. Өйткені, қолыма Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сыйлығын ұстатқанда қуанышымда шек болмады. Бұл сыйлық «Менің Отаным – Қазақстан» деп аталатын кітап еді. Осы күннен бастап оқуға деген ынтам артты. Сабақты әркез жақсы оқуға тырысамын. Себебі, мен Қазақстан азаматымын. Өсіп, ертең өз еліме қызмет жасағым келеді. Қазір маған осы талабымды іске асыруға ата-анам, мұғалімдерім көмектесіп жүр. Менің ең алғашқы үлесім – Қазақ­станның тәуелсіздігіне арнап жазған өлеңім. Бейбітшілік, бақыт бар елімізде, Егемендік, күш-қуат бар мемлекетімізде. 25 жыл – Қазақстан Тәуелсіздігіне, Намыс оты лаулайды жүрегімізде. Ерсұлтан ӘМІРҒАЛИЕВ, Алабота орта мектебінің 2 «А» сынып оқушысы   Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы