18 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты бұрынғыша құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Қарағанды, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде - жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Атырау облысында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.