2016 жылғы 9 қараша, Астана қаласы
«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының2015 жылғы 31 желтоқсандағы №01-38.49 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 62-бабының 6-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 01-38.49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12944 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 ақпандағы № 29 (28757) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалау қағидаларына 2-қосымша:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі
».
2. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ә.ЖАҚСЫБЕКОВ