• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2016

Головкин мен Джейкобс жекпе-жегінің билеттері жақында сатылымға шығады

157 рет
көрсетілді

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBA тұжырымы бойынша тұрақты әлем чемпионы Дэниэль Джейкобс (32-1, 29 КО) арасындағы жекпе-жектің билеттері сатылымға шығатын күн белгілі болды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. 2017 жылдың 18 наурызында өтетін кездесудің билеттері 24 желтоқсаннан бастап сатылады. Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасындағы бір орынның ең арзан құны 100 долларды құраса, ең қымбаты – 1000 доллар. Оларды аталған аренаның кассаларынан, сондай-ақ ticketmaster.com сайтынан сатып алуға болады. Айқасты HBO телеарнасы көрсетеді. Madison Square Garden кешенінің сыйымдылығы – 17-18 мың орын. Дегенмен, бокс кешінде 20 мың адамға дейін кіре алады. Головкин соңғы рет мұнда 2015 жылдың қазан айында канадалық Давид Лемьемен жұдырықтасқан. Ал Дэниэль Джейкобспен ең ірі аренада бесінші мәрте кездесу өткізейін деп отыр.