Қытайдың Шыңжаң өлкесі Черчен ауданының жергілікті тұрғындары «Күмеш нан» деп аталатын ұйғыр халқының ұлттық тағамын жасап, әлемдік Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Қытайлық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Кұмеш нанның рекордтар кітабына кіруіне себеп оның үлкендігінде болып отыр. Оның диаметрі 3,65 метр, 300 келі ұн, 200 келі қой еті және 60 келі пияз қолданған. Аспазшылар тағамды дайындауға 4 сағат уақыт кетірген. Кұмеш нан бізге мәлім ұйғырдың Самса және ет нанынан жасалу жағынан ерекшеленеді. Ұйғыр жастары оны ұлттық «Пицца» деп есептейді. Ағаш отыннан жағылған оттың жалыны сөнгеннен кейін, ұнға ет және пиязды орып дөңгелек пішінде дайындалған қамырды ыстық күлге көмеді. Бір сағаттың айналасында дайын болған нанды күлінен тазалап жеуге болады.