• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
03 Қыркүйек, 2011

Зеленовта – Мұнайшы, Тасқалада – Садық қалашықтары бой түзеді

294 рет
көрсетілді

Егемен еліміздің жиырма жыл­дық тарихында жойқын су тас­қы­ны тұңғыш рет биыл Орал өңі­рін­де тіркелді. Жас та жаңа мем­ле­кеттің құрсағынан шыққан төтен­ше жағдайлар жөніндегі құ­ры­лым­дар да айтып келмеген мұн­дай табиғат апатымен тұң­ғыш рет беттесіп, оны ауыз­дық­тай білді. Тасқынның аймаққа келтірген ора­­сан зор шығындары жөнінде бас­пасөз бетінде бұған дейін де жеткілікті жазылды. Сон­дықтан оған тоқталмай бү­гін­де су ас­тын­да қал­ған Зеленов және Тасқала аудан­дарының ор­талықтарында жа­ңа қалашықтар салынып пай­да­лануға берілгенін айтқымыз келеді. ­Шағаладай сап түзеген мұн­дай қалашықтар жаңа атауларға ие болып та үлгерді. Тақырыпқа шығарып отырғанымыздай оған Зеленовта Мұнайшы атауы берілді. Ал облыстың батысындағы Ресей Федерациясымен шектесетін Тасқала кентінде қоныс тепкен қалашыққа осы топырақтың төл перзенті, өмірінің соңғы күн­деріне дейін осы өңірде тұрған, Жеңістің 65 жылдық мерекесі қар­­­саңында өмірден озған Кеңес Ода­ғының Батыры Садық Жақ­сы­­ғұ­ловтың есімі берілді. Бейнебір ертегідегідей өте қысқа уақыт аралығында бой көтер­ген қалашықтар тек бір- өңкей тұрғын үйлер тізбегінен тұрмайды. Жобалау-сметалық құ­­жаттарға сәйкес сонымен бір мез­­гілде сауда орталықтары, дә­ріхана, пошта бөлімшелері, ха­лыққа қызмет көрсету нысан­да­ры да ірге көтерген. Аталған қа­лашықтардың салтанатты түрде ашылу рәсімі кезінде Батыс Қа­зақстан облысының әкімі Бақ­ты­қожа Ізмұхамбетов өз ойын бы­лайша тарқатты: Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен Үкіметтің дер кезінде көрсеткен көмегінің, барша қа­зақстандықтардың қолда­уы­­ның нәтижесі. Бүгін облыс ау­дан­­да­рын­да пайдалануға берілген тұр­ғын үйлер мен әле­у­мет­тік-тұр­мыстық нысандардың әр­қай­сы­сын­да әрбір отандасы­мыз­дың үле­сі мен жүректерінің жы­луы бар. Сырт көз – сыншы дегендей, газет тілшісіне өз ой-пікірін Тас­қала ауданымен көршілес Ресей­дің Саратов облысы, Озинки ау­да­ны­ның басшысы Антонина Галяшкина төмендегіше түйіндеді. – Мен кеңестік кезеңде биыл­ғы көктемде су тасқынына ұшы­раған Зеленов ауданында бас­шы­лық қызметте болдым. Сол кездегі үлкен лауазым – аупар­т­ком­ның бірінші хатшысы орынтағы маған сеніп тапсырылды. Сенім үдесінен шығуға ұмтылып, жас­тық күш-жігерімізді аямай жұ­мыс жасадық. Алайда қазіргі кездегідей аудандардың қарыш­ты дамуы біздің өңіміз түгел тү­сімізге де кірмейтін. Өзіме жақ­сы таныс Тасқала және Зеленов ау­дандарына табиғат апаты кезінде Қазақстан Үкіметі тара­пы­нан көр­­сетілген шексіз қолдау мен кө­мектен мен өз Отанымдай болып кеткен көршілес мем­ле­кет­тің орасан зор әлеуетін танып тұр­ған­даймын. Бұл үшін әрбір қазақ­стандықтың лайықты мақ­та­ныш сезіміне бөлене алатыны анық. Әрине, көршілердегі жетістіктерді қызғанбаймыз. Оған қызы­ға­мыз. Шынын айтқанда, дәл қазір мен Зеленов пен Тас­қа­ладағы тақтайдай түзу, сәні мен салта­наты келіскен көшелерді кө­ріп ерекше толқу үстінде тұр­мын. Жа­райсыңдар, қазақстан­дық­тар! Мұнайшы және Садық Жақ­сығұлов атындағы қалашықтар­дың ашылу рәсімі кезінде оған қатысқан Төтенше жағдайлар ми­нистрі Владимир Божко Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генералы Арман Жалмұх­ам­бетовке «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалін табыс етті. Сонымен бірге, министр Зеленов ауданы әкімінің орын­ба­са­ры Алдияр Халелов пен Тасқала ауданы әкімінің орынбасары Қуат Мусинге «Құтқару опера­ция­­ларына белсенді қатысқаны үш­ін» төсбелгісін тапсырды. Темір ҚҰСАЙЫН. Батыс Қазақстан облысы.