• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2011

Гиннестің рекордтар кітабына енді

321 рет
көрсетілді

Ресейдің Архангельск қаласында гір спортынан өтіп жатқан дүниежүзілік олимпиадада атыраулық Евгений Ухов әлемдік рекордты жаңартып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол әлемнің 44 елінен жиналған 500 атлеттің алдында 75 килоға дейінгі салмақта 24 килограмдық гірді 2 минөтте 65 рет көтеріп, «жұлқи-спринт» номинациясында бірінші орынды жеңіп алды. Осы жеңісін Е.Ухов ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап отыр. Бұл – Е.Уховтың соңғы 15 жылда қатысып келе жатқан түрлі халықаралық жарыстардағы 8-ші әлемдік рекорды. Ол – гір спортынан Қазақстанның, Ресей, Еуропа және әлемнің бірнеше дүркін чемпионы. Дастан КЕНЖАЛИН.