• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің бұйрығы №84

494 рет
көрсетілді

2011 жылғы 26 мамыр,   Астана қаласы «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңы 7-бабының 28) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4632 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру ережесінде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. «Халықтық» (үлгiлi) атағы мәдениет саласындағы уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен беріледi.»; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Осы ереженiң талабына сай болмаған жағдайда көркемөнерпаздар ұжымдарының «Халықтық» (үлгiлi) атағы мәдениет саласындағы уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен алынып тасталады.». 2. Мәдениет комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мәдениет вице-министрі А.И. Бөрібаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр          М.ҚҰЛ-МҰХАММЕД Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 13 маусым Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7009 болып енгізілді.