• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2016

Маман біліктілігі маңызды

262 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ведомствоның мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Мақсұт Өтешевтің қатысуымен брифинг өтті. Онда әңгіме мемлекеттік қызметке қабылданатын үміткерлерге қойылатын шарт, талаптар турасында өрбіді. Департамент директорының мәлімдеуінше, болашақта үміткерге қойылатын біліктілік талаптары әрбір мемлекеттік органмен дербес жасалады және ол міндетті түрде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен келісуге жатады. Мұндай шарт барлық мем­лекеттік лауазымдарға білімі, еңбек өтілі және құзыреттілігі бойынша бірыңғай талаптар орнатады деп күтілуде. «Айталық, білімге қатысты талаптар лауазым деңгейіне байланысты орнатылады. Бірқатар лауазымдарға, мысалы, ауылдық және аудандық деңгейлерге ортадан кейінгі және техникалық пен кәсіби білімдер рұқсат етілсе, орталық деңгейдегі лауазымдық қызметке үміткерден Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқу өткергендігі немесе шетелдік білімі бар болуы ескерілуі мүмкін. Мұндай білімі бар үміткерлерге мемлекеттік қызметте еңбек өтілінің қысқалау мерзімі талап етіледі (мәселен, 5 жылдың орнына 3 жыл мемлекеттік қызметтегі өтіл жеткілікті)», деді Мақсұт Ыбырайұлы. Қалай болғанда да, мемлекеттік қызметке үміткерлерге жұмыс өтілінің маңызы жоғары деген сөз. Осыған орай, мансаптық үлгі икем­ді­лігін қамтамасыз ету мен жеке сек­тордан дарынды мамандарды тар­ту үшін мемлекеттік органдар мін­деттерімен ұқсас қызмет сала­ларында жұмыс өтілі бар азамат­тар ара­сында «ашық» іріктеу жүргізу қа­растырылған. Сондай-ақ, мем­ле­кеттік аппаратты кәсібилендіру бойынша жаңа тәсілдерді іске асыру үшін жаңарған біліктілік талаптарында төменгі тұрған лауазымда бір жылдан кем емес өтілі болған жағдайдағы мемлекеттік қызметте кезең-кезеңімен жылжыту тетігі енгізілгендігін атап өту керек. Сонымен қатар, мемлекеттік қыз­метке үміткерлердің біліктілік талаптары мем­ле­кеттік қызметтегі жаңа тә­сілдердің ен­гізілуімен же­тіл­ді­рілуде. Осы мақ­сатта жүр­гі­зілген сараптама не­гізінде, ен­дігі кезекте әскери қыз­метте, Пар­ламент пен мәслихат де­­пу­татының мәртебесіндегі, сот жә­­не халықаралық қызметкер мәрте­бе­сіндегі жұмыс өтілі ескерілетін болады. Сондықтан да, ағымдағы жылы біліктілік талаптарға жаңа «біліктілік» ұғымы енгізілген. Бұл – әрбір қызметкерге тиімді жұ­мыс жасау үшін қажетті бі­лім мен дағдылардан тұратын жиын­тық. Біліктілікті бағалаудың авто­маттандырылған жүйесі әр­бір­ бі­ліктілікті тексеру үшін 12 тес­т­- ­т­ік­ жұмыстан құралған. Оның бір ерекшелігі, басшылық қыз­метке үміткерлерге 10 біліктілік дең­гейін анықтауға – 90 минут, ал қал­ған қызметке үміткерлер үшін 8 біліктілік деңгейін анықтауға 75 минут беріледі. Соның өзінде, жыл басынан бері жалпы жеке қа­сиет­терін бағалауда тестілеуден өткен­дер­дің 76,3 пайызы жоғары бағаға ие болған. Айта кетейік, қазіргі уақытта агенттік бірыңғай біліктілік негізі ретінде жетілдірілу үстінде. Осы тәсіл әрбір деңгейдегі қызметтің біліктілігін тексеру талаптарын нақтылап алуға мүмкіндік береді әр азаматты мемлекеттік қыз­­мет­ке іріктеуде олардың тең мүм­кін­дік алуына және мемлекеттік қыз­меткерлердің тиімді жұмыс атқаруы үшін кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»