• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2016

Келісімді ратификациялау ұсынылды

246 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. 2016 жылы 11 сәуірде Тегеранда қол қойылған келісім Иран Ислам Рес­пуб­ли­касының соттары бас бостандығынан айыруға соттаған Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасының соттары бас бостандығынан айыруға соттаған Иран Ислам Республикасының азаматтарын одан әрі жазасын өздері азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшін беру мәселелерін реттейді. Заң жобасы Сенаттың қарауына жі­берілді, деп хабарлады Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.