• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2011

Педагог шеберлігін шыңдауға арналды

353 рет
көрсетілді

Жақында елордадағы Президенттік мәдениет орталығында Астана мектептерінің мұғалімі жиналып, тілдерді оқыту жөнінде пікір алмасты. Оған Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің сарапшысы А.Ма­­хамбетова, Еуразия Ұлттық уни­верситетінің орыс тілі кафе­дра­сының оқытушысы Н.Қажы­ке­но­ва, «Астана дарыны» орталы­ғы­ның меңгерушісі Г.Мырза­ға­лие­ва қатысты. Қалалық білім бас­қар­ма­сының әдіскері Б.Түл­кі­ба­ева «Астана мектептерінде фи­лоло­гия­лық білімді жетілдіру: бола­ша­ғы мен мүмкіндіктері» атты тақырыпта ой өрбітті. Сонымен қатар, дарынды балалармен тиімді жұмыс істеу туралы елор­дадағы қазақ-түрік лицейінің мұ­ғалімі Б.Сағиева өз тұжырым­да­ры­мен таныстырды. Ол оқытудың сапасын жақсартудың бірден-бір жолы ретінде бақылау алып тұру­дың маңызы зор екенін, бұл ҰБТ-да өз нәтижесін беретініне дәлел­ді дәйектер келтірді. Ал №62 орта мектеп мұғалімі Р.Егізбаева балалар шығармашылығын дамыту арқылы педагогикалық шеберлікті шыңдауға болатынын өзінің іс-тәжірибесімен дәлелдеп, қойыл­ған сұрақтарға нақты мысалдар­мен жауап берді. Н.БЕРІШКЕЕВА, Астана қаласындағы №56 орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі.