• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2011

«Достықта» дайындал да, ҰБТ-ға дайын бол!

968 рет
көрсетілді

«Достық» білім беру орталығы рес­пуб­ликаның оқу-ағарту саласының дамуына, білім беру деңгейінің артуына, бәсекелес­тік қабілетінің жетілуіне үлес қосу мақ­сатында мектеп оқушыларына, жергілікті және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге талаптанушыларға ғылыми негізделген білім берудің халықаралық стан­дарт­тарына сай кешенді немесе арнайы бағытта білім беру, Бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындау және т.б. қызметтер ұсы­нуда. Орталықта білім беру саласында бекітілген мемлекеттік стандарттарды толық меңгерген және білім беру үрдісінде озық ақпараттық-байланыс технологияларын қол­дана алатын білімді мамандар жұмыс істейді. Осыған орай «Достықта» дайын­дал­ған талапкерлер мақсатқа жетуге арналған мектеп бағдарламаларына сәйкес сабақтар мен тест басылымдары арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуде. Сөйтіп, орталық мектеп бітірушінің ҰБТ-да жоғары ұпай жинауына, «Алтын белгі» үміткерлерінің білімдерін дәлел­деуіне, түлектердің мемлекеттік білім грантына ие болуына, оқушының өз білім деңгейін көтеруіне пәрменді көмектесіп келеді. «Достықта» әрбір курстың өзіндік жоспары бар. Оқушылардың алдына қойған мақсаты белгіленген соң, сол діттеген мақсатқа жету үшін жылдық, айлық, апталық және күндік жоспар жасалынады. Оқушы мектепте алған білімін қайталауға міндетті және тест шешуді үйренуі тиіс. Осыған байланысты мұнда келген оқушының білімі мектеп бағдарламасына сәйкес толықтырылады да, тест жұмыстарының түр-түрі бойынша жалықпай үйретеді. Атап айтсақ, әр сабақ соңында үй жұмысы ретінде берілетін, тақырыпты пысықтау, апталық, айлық және тоқсандық қайталау тесттері, байқау сынағы, білім беру орталықтары арасында жүргізілетін тест, т.б. оқушыны жыл соңына дейін кез келген сұраққа жауап беруге дайындайды. «Достық» мұғалімдері оқушылардың білмеген сұрақтарына жауап беруге кез келген уақытта дайын. Білім алуға құштар оқушылардың ынтасын жоғалтпау басты мақсатқа алынған, сондықтан да оқушы мен мұғалім тығыз байланыста жұмыс істейді. Білімдерін шыңдауға келген оқушылар алды­мен тестілеуден өтіп, деңгейлері анықталады. Әртүрлі деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі жө­нін­де математика пәнінің мұғалімі Оралбек Қа­лиев: «Есепті тез шығаратын оқушылар мен жай шығаратын оқушылар бір топта дайындалмайды. Оларды бөліп оқыту екі жаққа да тиімді. Есепті тез шығаратын оқушы шабан оқушыны күтумен шаршайды да, жай шығаратын оқушы қабілетті оқушыға жете алмай шаршайды. Нәтижесінде толық білім болмайды» дейді. Оқушылардың білім деңгейіне қарай оқыту білім беру орталы­ғы­ның ерекше әдісі. Әсіресе, республика бойын­ша «Достықта» оқитын барлық «Дарын» тобы мен «Алтын белгі» тобындағы оқушылар бір-бірімен білім жөнінен жарысады. Осылайша оқушы­лар­дың білімге деген құштарлығы артып отырады. Оқушыларға сабақтан тыс уақыттарда қосымша дайындық өткізіліп, білімдерін арттыруға мүм­кін­дік жасалынады. Ата-аналар мен топ жетекші­лерінің белсенді атсалысуымен сабаққа селқос қарап, көңіл бөлмей жүрген оқушылар да назардан тыс қалмайды. Міне, ҰБТ-ға «Достықта» дайындалу осы жағынан ұтымды әрі тиімді болып саналады. «Достықта» негізінен оқушылар қыркүйек айынан бастап, мамыр айының соңына дейін бір жылдық курста дайындалады. Сондай-ақ шалғай аудандарда оқитын оқушылар тоқсандық дема­лыстарда жүргізілетін жеделдетілген курстарға келіп қатысады. Жалпы, «Достық» кез келген уақытта, оқушылардың ыңғайына қарай, ұзақ немесе қысқа мерзімде, ыңғайлы сағатта дайындық курсын жүргізе алады. «Достық» білім беру орталығының тіл үйрету курс­тарын жүргізе бастағанына және мектеп оқу­шыларына қосымша білім беріп келе жатқанына биыл 10 жыл толып отыр. Жыл сайын жоғары нәтижеге қол жеткізіп отырған орталық биылғы оқу жылында да жақсы көрсеткіштерді көздейді. Ұлттық бірыңғай тестілеудің үстіміздегі жылы 4-і мен 10-ы аралығында 126168 талапкердің қа­тысуымен өткені белгілі. Биылғы орташа ұпай – 86, өткен жылы 84 болған. Бұл түлектердің білім деңгейінің жылдан-жылға артып отырғанын көр­се­теді. Ал енді «Достық» орталығына келер бол­сақ, былтырғы орташа ұпайы 100 болса, биыл 102-ге көтерілді. Тәжірибелі мұғалімдер мен ұт­ым­ды тестілердің көмегімен дайындалған оқу­шы­лардың көрсеткен білімі орталықтың орташа ұпайының жоғары көрсеткішке жетуіне ықпалын тигізді. Биыл елімізде 30 оқушы ең жоғары көр­сеткішті (125 ұпай) иеленді. Солардың ішінде 5 оқушы «Достық» білім беру орталығында дай­ындалған. 11-сыныпқа аяқ басқан оқушылар, әсіресе, «Алтын белгі» үміткерлері қайда тестке жақсы дайындайды, білімімді толықтыру үшін қай жердің мұғалімдерінен көмек алсам болады деген сан түрлі сауалдарына жан-жақтан жауап іздей бастайды. Нәтижесінде «Алтын белгі» үміт­кер­лерінің 90 пайыздан астамы өз білімдерін қорғап шыққандығына көз жеткізіп, дәріс алатын мұға­лімдерімен алдын-ала танысып, қандай оқу құралдарымен дайындалатынын өз көзімен көріп, жүрегі орнына түскен соң ғана «Достық» Білім беру орталығында дайындалуға тәуекел етеді. Білім алғысы келген оқушыларға мұнда барлық жағдай жасалған. «Алтын белгі» үміткерлеріне едәуір жеңілдіктер бар. Соған орай «Алтын белгі» үміткерлерінің саны артып, өз мақсаттарына жетіп жатыр. «Достыққа» 30-40 не 60 ұпаймен келіп, ҰБТ-да 100-ден жоғары балл алып жүрген оқушылар аз емес. Бастапқы жинаған ұпайынан ҰБТ-да екі есе, тіпті, үш есе артық алған оқушылар «Дос­тық­тың» абыройын арттыруда. Бұл оқушының өз еңбегі және де тәжірибелі ұстаздар мен ұтымды тестілермен дайындалудың жемісі. Бұл күндерде ор­та­лықта 10-сыныптан 11-сыныпқа көшкелі отыр­ған оқушыларға арналған жазғы курс өз есігін айқара ашты. Қорғанбек АМАНЖОЛ.