• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2016

Алматы облысының әкімі ардагерлермен кездесті

273 рет
көрсетілді

Жылдағы дәстүр бойынша облыс әкімі Амандық Баталов Жетісу өңірінің ардагерлерімен жаңа жыл қарсаңында кездесу өткізді, деп хабарлады ҚазАқпарат. Шараға саналы ғұмырын облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына арнаған азаматтар қатысты. Алматыда өткен кездесуде облыс әкімі А. Баталов өңірде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы шеңберінде өткізілген шараларға, «25 жұлдызды күн» аясында атқарылған істерге, 2016 жылы өңірдің жеткен жетістіктеріне тоқталды. «Құрметті ардагерлер! Біздің тірегіміз де, мақтанышымыз да - Сіздер. Сіздермен кездесіп, әңгімелесу біз асыға күтетін ерекше оқиға. Сіздердің елжандылықтарыңыз, өмірлік ұстанымдарыңыз, көп жылдық тәжірибелеріңіз еліміздің, оның ішінде облысымыздың өркендеуіне әлі де қызмет ететініне сенімдімін. Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтап, Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!» - деді А. Баталов.