• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2016

Үстел теннисінен ашық чемпионат өтті

374 рет
көрсетілді

Үстел теннисінен «Самұрық» ашық бірыңғай лигасы осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Іс-шараны «Astana» үстел теннис клубы» қоғамдық бірлестігі өткізіп келеді. Биыл жарысқа 16 команда қатысты. Олардың арасында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, ұлттық компаниялар және олардың еншілес ұйымдары, дене шынықтыру және оқу орындары құрған клубтар, коммерциялық және коммерциялық емес кәсіпорындар, сондай-ақ Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Көкшетау, Петропавлдан бірқатар спортшылар бақ сынады. Жоғарыда айтылған командалардың құрамында Харечко Маргарита, Герасименко Геннадий, Пахно Максим, Садықов Алмаз, Ысқақов Асқат, Жукова Дарья сынды үстел теннисінің майталмандары қатысты. 3 қыркүйек пен 24 желтоқсан аралығындағы турнир «Nazarbayev University» және «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы ғимараттарында өтті. Чемпионат тартысқа толы өтті. Тек play off кезеңінде ғана жеңімпаздар анықталды. Финалдық кезеңде алтын жүлдені «Бәйтерек» командасы жеңіп алса, турнирлік кестеде екінші орынға «Ерсұл және К» ЖШС ұжымы жайғасты. Ал қола жүлдеге «Қазақстан» РТРК» АҚ қол жеткізді. Сонымен қатар, үздік ойыншы атағына «ҚазМұнайГаз» АҚ атынан қатысқан Пахно Максим ие болды. Турнир келесі жылдың мамыр айында жалғасын табады. Оған бірқатар өзгерістер енгізілу жоспарланып отыр.