• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2016

Жамбыл облысында 20 адам рақымшылыққа ілінді

272 рет
көрсетілді

Рақымшылық бойынша Жамбыл облыстық жалпы режімдегі колонияда жазасын өтеп жатқан 20 адам түрмеден босатылып, үш жүз адамның жазасын өтеу мерзімі қысқарады, деп хабарлайды облыстық прокуратура. «Өңірде рақымшылық бойынша 20 сотталушы босатылады. 300 сотталушының жазасын өтеу мерзімі ширек есе қысқарды. Рақымшылыққа жеңіл қылмысы үшін отырғандар (3 адам) және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін жазаланғандар (17 адам) ілікті», деді облыстық прокуратураның 7-ші басқармасының басшысы Секер Бүркітбаев.