• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Желтоқсан, 2016

Қазақ мейрамханасы

602 рет
көрсетілді

Ұлттық тағамдар бойынша сарапқа салынатын «Универсиада ұсынған» атты арнаулы сертификатты ұтып алды Қазақтың қазысы мен қар­тасы, жал-жаясы әлемдік мейрам­ха­на­лардың ас мәзірінің қатарынан орын ала бастағанына онша көп бола қойған жоқ. Әрісі Амери­када, берісі Франция мен Австрияда қазақтың сүйікті тамағы – ет асуды үйреніп алған шет­ел­діктер санының көбейіп келе жат­қанын байқап та, көріп те жүр­міз. Алматыда өтетін ХХVІІІ қыс­қы Универсиада мен Астанада отау тіккен ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесіне төрткүл дүние­нің төрт бұрышынан ағылып келушілер арасында міндетті түрде қазақ тағамының дәмін көргісі келетіндердің көп болары даусыз. Осыған орай біздің қазақ ас мәзірін дайындаушы мамандар мен технологтарымыз да қол қусырып, қарап отырған жоқ. Оның айқын куәсі күні кеше Алматының тау бөктерінде жаңадан ғана ашылған «Qazaq Restaurant» мейрамханасы «Универсиада ұсынған» атты арнау­лы сертификатты ұтып алды. Мейрамханада тек қана қазақ ас мәзірі дайындалады. Бір мезетте 90 адамға қызмет көрсетеді. «Qazaq Restaurant» – Қазақстанда өтетін халықаралық шараларға қатысты Алматыда есігін ашқан «Гәкку» мен «Koktem Ballrom»-нан кейінгі саны жағынан үшін­ші мейрамхана. Мұның сыртында алыс-жақыннан келген меймандарға қаладағы өзге де 150 қазақ ас мә­­зірі араласқан мейрамханалар мен дәмханалар лайықты қызмет көр­сетеді. Алматының кәсіпкерлік пен индустриялық-инновациялық даму басқармасы «Универсиада ойындары аясында қаладағы сала бойынша шағын және орта бизнесті дамыту ісі одан әрі жалғасын табады. Соңғы ашылған екі қазақ мейрамханасы алматылық 170 адамға жұмыс тауып берді», дейді. Жыл жабар тұста жаңалық болған қазақ мейрамханалары алғашқы келушілерін, әсіресе, шетелдіктерді қабылдап та үлгерді. «Қазақ дә­мінің тәбетіңді тартар иісін-ай» деу­шілердің қатары көбейіп келеді. Өйт­кені, мұндай ас мәзірі аста-төк, дәмі де, қызмет көрсету сапасы да жанға жағымды мейрамханалардың алдынан өтіп бара жатып оған мойын бұрмау, бас сұқпау мүмкін емес. Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»  АЛМАТЫ