• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Қаңтар, 2017

ҚР СІМ: Ыстанбұлдағы шабуылда қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

200 рет
көрсетілді

Жаңа жыл түні Ыстанбұлдағы түнгі клубта болған шабуылдан Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. «Түркиялық тараптың хабарлауынша, Ыстанбұлдағы теракт салдарынан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Бұл нақты расталған ақпарат», - деді Әнуар Жайнақов. Естеріңізге сала кетсек, Түркияның Ыстанбұл қаласында орналасқан Reina түнгі клубына шабуыл жасалып, кем дегенде 35 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 40-тан астам тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды.