• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
03 Қаңтар, 2017

Шығыс Қазақстанда қар құрсауынан ондаған адам құтқарылды

92 рет
көрсетілді

Жаңа жыл мерекесінде ШҚО ТЖД құтқарушылары қар құрсауынан 35 адамды құтқарды, деп хабарлады «ҚазАқпарат». Өңірде жаңа жыл күндері  қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланған. Желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетті. 1-3 қаңтарда Семей тас жолында «Семей қаласы-Знаменка ауылы» жолынан 40 шақырымда қар құрсауынан 14 адам құтқарылды, олардың екеуі бала.  Сондай-ақ, «Семей-Өскемен» жолында Алматы тас жолынан 50 шақырымда, «Абай-Семей»  жолының 24-шақырымында адамдар құтқарылды. Өрт қызметінің құтқарушылары мен өрт сөндірушілері техника көмегімен жалпы 20 адамды құтқарды. Эвакуацияланған адамдар ішінде зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.