• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
04 Қаңтар, 2017

Алматы-Павлодар әуе рейстері кейінге шегерілді

146 рет
көрсетілді

Алматы әуежайының онлайн-таблосындағы ақпаратқа сәйкес, Павлодарға ұшатын КС307 рейсінің ұшу уақыты кейінге шегерілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дәл қазіргі уақытта ұшақтың ұшу уақыты 14-30-ға жоспарланған. Сонымен қатар, Павлодардан келетін KC308 рейсінің де келу уақыты кейінге шегерілген. Алматы әуежайының хабарлауынша, Павлодардан келетін ұшақтың қону уақыты 16-30-ға жоспарланып отыр. Рейстердің кешігуі ауа райының қолайсыздығына байланысты. Нақтырақ айтқанда, Павлодар әуе жайындағы ұшу-қону алаңын қар басып қалғаны себеп болып отыр. Қазіргі уақытта жолақтар қардан тазартылды.