• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2017

Универсиада: дерек пен дәйек

296 рет
көрсетілді

Универсиада жарыстары спорттың 12 түрі бойынша өтеді. Олардың арасында тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, шаңғымен трамплиннен секіру, сноуборд, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты, шайбалы хоккей (ерлер және әйелдер арасында) және кёрлинг ойындары бар.  Универсиаданы өткізуге 127 халықаралық төреші мен 600-ге жуық ұлттық техникалық мамандар қа­тысады. Жарыстарды өткізуге қа­ты­са­тын барлық төрешілік алқасын әр­бір спорт түрі бойынша ұлттық және ха­лық­аралық федерациялар бекі­теді. Жарыстар «Шымбұлақ» тау шаң­ғысы курорты, «Медеу» мұз айдыны, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трам­плиндер кешені, Балуан Шолақ атын­дағы спорт және мәдениет сарайы, «Алатау» шаңғы және биатлон кеше­ні, «Табаған» спорттық ойын-сауық ке­шені, «Алматы Арена», «Халық Аре­на» спорт кешендері секілді 8 нысан­да өтеді. Универсиадаға дейін «Сұңқар» ХШТК, «Алатау» ШБК, «Шымбұлақ» ТШК гомо­ло­гацияның халықаралық сер­тификаттарын алды. Қалған нысандар сәйкестік сертифика­тын трассаларды әзірлегеннен кейін және мұзды нысандарда мұз дайын­дал­ғаннан кейін алуға тиіс. Дайындық үдерісін іске асыру үшін үл­гілік операциялық жоспарлар әзірленді, онда нысанның барлық операциялары, басқару жүйесі мен барлық қызметтердің жалпылама жұмыс істеуі сипатталған. Өткен жылдың соңына дейін Уни­вер­сиада нысандарында 5 тестілік іс-шара өткізілді. Оларды Балуан Шо­лақ атындағы спорт сарайындағы Қа­зақ­станның шорт-трек чемпио­натының II кезеңі, «Халық Арена­дағы» ел тәуел­сіз­дігінің 25 жылды­ғына арналған 18 жас­қа дейінгі жас­өс­пірімдердің шайбалы хоккейден республикалық чемпионаты,  «Ал­маты Аренадағы» Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан ашық чемпионаты, «Алатау» шаңғы және биатлон стадионында Қазақстан кубогы аясындағы FIS Race пен биатлоннан республика чемпионатын құрайды. Ұйымдастырушы комитет Халық­аралық студенттік спорт федера­циясының (FISU) ережелеріне сәй­кес, 2016 жылдың 29 қаңтарында, Уни­вер­сиаданың басталуына бір жыл қалған­да, ұлттық студенттік спорт федера­цияларына жарыстарға қаты­суға шақыру қағаздарын жолдады. Қа­зіргі таңда 56 мемлекет аккредитациядан өтті. Жарыс күндері «Almaty Towers» бизнес кешенінде Ойындарды бас­қару орталығы жұмыс істейтін болады. Осы жерде Универсиаданы өткі­зу барысының тәуліктік онлайн-мони­то­рингі жүзеге асырылады. Аталған жүйе Халықаралық сту­дент­тік спорт федерациясының ұсы­ныс­тарына сәйкес әзірленген. Орта­лық «С4 тұжырымдамасы» (төрт ағылшын сөзінің  аббревиату­расы: команда, бақылау, коммуни­ка­ция және үйлестіру) деп аталатын Универсиаданың заманауи тұ­жы­рымдамалық идеясын қолданумен ұйымдастырылады. «Егемен-ақпарат»