• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2017

Головкин жаттығу лагерінен фотолар жариялады

223 рет
көрсетілді

WBC, WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық Дэнниэл Джейкобсқа қарсы жекпе-жекке дайындықты бастап кетті. Қазақстандық боксшы мереке күндерін жанұясымен қарсы алу үшін 7 желтоқсаннан бастап демалыста болған. Big Bear жаттығу лагеріне ол 3 қаңтар күні келген болатын. Ал оның қарсыласы демалыссыз дайындалып жүр. Америкалыққа спарринг серіктес ретінде орта салмақтағы үш бірдей боксшы көмектесуде. Олар: 28 жастағы  украин Евгений Хитров (14-0, 12 КО), 37 жастағы грузин Автандил Хурцидзе (32-2-2, 21 КО) және 31 жастағы украин Сергей Деревянченко (9-0, 7 КО). Сондай-ақ, ол қосымша тамақтану маманын да жалдаған, деп хабарлады vesti.kz. Жаттықтырушысы Андре Розьенің айтуы бойынша Джейкобс бұл кездесуге 195 пайызға дайын. Головкин бапкері Абель Санчеспен (сол жақта) және промоутері Том Леффлермен. «Украина атамандары» клубының бұрынғы боксшысы Сергей Богачукпен. Айта кетейік, қос боксшының арасындағы айқас 18 наурыз күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді.