KASE-нің таңғы сессиясында доллар бағамы 330,45 теңге болды.
Кеше АҚШ долларының теңгеге шаққандағы құны 332 теңге айналасында еді. Оның алдында мұнайдың жаңа жыл қарсаңындағы арзандауы себебінен теңгенің бағамы 334-ке дейін көтеріліп кеткен еді.
Бүгін Астана уақытымен таңғы 10:00-де Брент маркалы мұнай құны 56,80 долларға дейін көтерілді. Сарапшылардың пікірінше, қара алтын әлі де қымбаттай түседі. Олай болса, доллардың теңгеге шаққандағы құны 330-дан да төмен түсуі әбден мүмкін.