• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы №230

738 рет
көрсетілді

2011 жылғы 21 маусым,   Астана қаласы Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында, бұйырамын: 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен бастап қолданысқа енгiзiледi. Министр  Р. ТҮСIПБЕКОВ. Қазақстан Республикасы  Әдiлет министрлiгiнiң 2011 жылғы 21 маусымдағы № 230 бұйрығына  қосымша Өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлетiн Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. кейбiр бұйрықтарына келесi өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 1) 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 «Техникалық паспорттардың нысандарын бекiту туралы» (Нор­мативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4937 тiркелген, Қазақстан Рес­публикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жи­нағында 2007 жылғы қыркүйек-қазанда жарияланған): көрсетiлген бұйрықтың кiрiспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын: «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында, «Әдiлет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:»; аталған бұйрықпен бекiтiлген Н-2 техникалық паспорттың нысанында: мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «8. Нысаналы мақсаты (жоспары бойынша литер) ________________»; «Қордың санаты ____________________» жолы мынадай редакцияда мазмұндалсын: «9. Қордың санаты _______________________________________________________________ (тұрғын емес/тұрғын, егер кейiнгi объект көп пәтерлi тұрғын үйде орналасса, «КПТҮ құрамындағы КО» деп көрсету қажет)»; аталған бұйрықпен бекiтiлген Н-5 –Н-18-ге дейiн техникалық паспорттардың нысандарында: «6. Жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi __________________» жолында «жер учаскесiнiң» сөзi алынып тасталсын. 2) 2007 жылғы 24 тамыздағы № 236 «Жылжымайтын мүлiкке өзге де объектiлерге құқықтарды тiркеу туралы өтiнiштiң нысандарын және мазмұнын, тiркеу құжаттарына тиiстi жазба енгiзiлгенi туралы хабарламаны бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4923 тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2007 жылғы шiлде-қыркүйекте жарияланған): аталған бұйрықтың кiрiспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын: «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республика­сының Заңын iске асыру мақсатында, «Әдiлет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:»; бұйрықтың 1-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мынадай нысандары бекiтiлсiн:». 3) 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 «Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4945 тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2007 жылғы қыркүйек-қазанда жарияланған): аталған бұйрықтың кiрiспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын: «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы­ның Заңын iске асыру мақсатында, «Әдiлет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:»; аталған бұйрықпен бекiтiлген кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу Ережесiнде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Ереже «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Жер және Су кодекстерiне сәйкес әзiрлендi.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу кезiнде кондоминиум қатысушыларының уәкiлеттi өкiлдерi болып: 1) кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысында сайланған адам; 2) егер ортақ мүлiктегi үлестерiнiң мөлшерi тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актiде көзделген тәртiппен айқындалған болса, кез-келген кондоминиум қатысушысы танылады. Кондоминиумның өкiлеттi қатысушылары кондоминиум объектiсiн тiркеуге өкiлеттi тұлғалары заңнамада көзделген тәртiппен айқындалуы тиiс. Кондоминиум объектiсiн тiркеу туралы өтiнiштi кондоминиум қатысушылары берген жағдай­ларда оның кондоминиум объектiсiн тiркеуге өкiлеттiгi жылжымайтын мүлiктiң кейiнгi объектiсiне берiлген меншiк құқығына (өзге заттық құқық) құқық белгiлейтiн құжатының нотариаттық куәландырылған көшiрмесiмен айқындалады.»; 16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) егер оларға құқықтары жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу жүйесi енгiзiлгенге дейiн пайда болған болса, кейiнгi объектiге құқықтары осындай жүйе енгiзiлгенге дейiн пайда болған болса, келiсiмнiң негiзiнде ортақ мүлiктегi кондоминиум қатысушыларының үлестерiн белгiлеген кезде кондоминиум қатысушыларының кейiнгi объектiге құқықтарын тiркеу;». 4) 2007 жылғы 24 тамыздағы № 243 «Тiркеу құжаттарында жiберiлген қателердi түзету мақсатында жазба енгiзу ережесiн бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4930 тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2007 жылғы шiлде-қыркүйекте жарияланған): аталған бұйрықтың кiрiспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын: «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Заңын iске асыру мақсатында және «Әдiлет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:»; аталған бұйрықпен бекiтiлген тiркеу құжаттарында жiберiлген қателердi түзету мақсатында жазба енгiзу Ережесiнде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тiркеу кезiнде жiберiлген қателер «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында белгiленген ережелердi ескере отырып, осы Ережеде белгiленген тәртiппен тiркеушi органның бастамасымен немесе мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша түзетiледi.». 5) 2007 жылғы 24 тамыздағы № 244 «Жоғалған немесе бүлiнген құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшiрмесiнiң) күшiн жою ережесiн бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4939 тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2007 жылғы қыркүйек-қазанда жарияланған): аталған бұйрықтың кiрiспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын: «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республика­сының Заңын iске асыру мақсатында, «Әдiлет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:»; аталған бұйрықпен бекiтiлген жоғалған немесе бүлiнген құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшiрмесiнiң) күшiн жою Ережесiнде: 6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) құқық белгiлейтiн құжаттың немесе Куәлiктiң телнұсқасын берген үшiн алым төлегенiн растайтын құжат.»; 6) 2007 жылғы 24 тамыздағы № 246 «Жүйелi тiркеудi жүзеге асыру үшiн халықты хабарландыру ережесiн бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4940 тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2007 жылғы қыркүйек-қазанда жарияланған): аталған бұйрықтың кiрiспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын: «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республика­сының Заңын iске асыру мақсатында, «Әдiлет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:»; аталған бұйрықпен бекiтiлген жүйелi тiркеудi жүзеге асыру үшiн халықты хабарлан­дыру Ережесiнде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Жүйелi тiркеудi жүзеге асыру үшiн халықты хабарландыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» 2007 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында әзiрлендi.»; 7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жүйелi тiркеу үшiн құжаттарды қабылдауды және берудi жүзеге асыратын органның орналасқан жерi;». Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 24 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7033 болып енгізілді.