• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Қазақстандағы ең көп және ең аз жалақы алатын өңірлер

397 рет
көрсетілді

Өткен жылдың IV маусымында республика бойынша орташа жалақы көлемі 154 632 теңгені құрады. ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, ең көп жалақы алатын өңірлер Маңғыстау облысы (273 762 теңге), Атырау облысы (266 024 теңге) және Астана қаласы (239 955 теңге). Ал ең аз жалақы алатын өңірлер Жамбыл облысы (102 722 теңге), СҚО (104 385 теңге) және ОҚО (107 740 теңге). Ал Алматы қаласы болса, рейтингтің ортасында. Ондағы орташа жалақы көлемі 196 881 теңге. Жалақы көлемінің көрсеткіші 2015 жылдың төртінші маусмымен салыстырғанда 13,7 пайызға өсті. Салалар бойынша ең көп жалақы тау-кен ісінде (340 900 теңге), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер (327 200 теңге), қаржы және сақтандыру саласы (310 800 теңге), ақпарат және байланыс (230 000 теңге), көлік және қойма ісі (197 000 теңге). Ең төменгі жалақы алатын кәсіп түрлері ауыл, орман және балық шаруашылығы (90 000 теңге), білім беру (100 000 теңге).