Синоптиктер 2-4 ақпанға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Қазгидромет.
«Ақпан айында қар жауып, бұрқасындатады. Кезекті циклон Батыс Сібірге ауысып, Солтүстік Қазақстан арқылы өтеді. Циклон мен атмосфералық ағымдар көптеген облыстарда ауа-райын өзгертеді. Соған байланысты, қар жауып, бұрқасын болады. Жол көрінісі мүмкіншілігі нашарлап, 500 метрге дейін барады. Желдің ұйытқуы 15-20 метр секундқа, ал солтүстік облыстарда оның жылдамдығы 23-28 метр секундқа дейін жетеді», - делінген хабарламада.
Синоптиктердің дерегіне сүйенсек, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары оңтүстік циклонның ауа ағымында болады. Сондықтан бұл жерлерде жауын-шашын болып, ылғалды қар жауып, тұман түсіп, батыстан қатты жел соғады, кей жерлерде желдің жылдамдығы 23-28 метр секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы төмендеп, көк тайғақ, қар мен тұманның салдарынан көрініс мүмкіндігі төмендеп, 200-500 метрге дейін барады.