• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Шүменовтің қарсыласы жекпе-жек өткізу құқығынан айырылды

143 рет
көрсетілді

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) Caribe Promotions компаниясын ауыр салмақтағы regular әлем чемпионы қазақстандық Бейбіт Шүменов пен осы салмақтағы уақытша чемпион атағына ие кубалық боксшы Юниер Дортикос арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша эксклюзив құқығынан айырды, деп хабарлайды vesti.kz. Дортикостың мүддесін қорғайтын Caribe Promotions компаниясы промоутерлік сауданы (350 001 доллар) былтыр қараша айында ұтып алған болатын. Осы арқылы олар жекпе-жекті үш ай ішінде өткізуге міндеттелген еді. Алайда, WBA бірнеше рет сұраныс жасағанымен, еш дайындық жүргізілмеген. Оның үстіне Дортикостың командасы 11 ақпанға белгіленген жекпе-жекті кейінге шегеруді сұраған. Осылайша, жекпе-жек өткізу құқығы промуотерлік сауда кезінде екінші болған Том Браунға (TGB Promotions компаниясы) өтті. Айта кетейік, Шүменов-Дортикос жекпе-жегінің жеңімпазы WBA ұйымының қазіргі «суперчемпионы» Денис Лебедевке міндетті қарсылас болады.