• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Қазақстандық шаңғышы ауыр жарақат алды

184 рет
көрсетілді

Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындары кезінде қазақстандық шаңғышы қызымыз Екатерина Карпова Суперкомбинацияның екінші мүмкіндігінде жарақат алып қалды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, Карпова трамплиннен секіргеннен кейін жерге сәтсіз түскен. Жарыс алаңынан өздігінен кете алмапты. Қазір спортшы қыз Алматыдағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Белгілі болғандай, тізеден ауыр жарақат алған. Енді Универсиаданың қалған ойындарына қатыса алмайды, Екатеринаның жұбы Мария Григорова екі мүмкіндіктің қорытындысы бойынша 25-орыннан көрінді. Бұл сында алын жүлде ресейлік Анастасия Силантьеваға бұйырса, Беларусь атынан қатысқан Мария Шканова күміс медальға қол жеткізді. Ал словакиялық Барбара Кантонова қола жүлдені қанағат етті.