• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Юлия Путинцева Ресейде өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты

134 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан «St.Petersburg Ladies Trophy» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды vesti.kz. Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі 1/8 финалда германиялық Анника Бекті 6:4, 6:0 есебімен жеңді. Ойын бар болғаны 1 сағат 16 минутқа жалғасты. Енді ширек финалда отандасымыз Дарья Гаврилова (Австралия) – Светлана Кузнецова (Ресей) арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Айта кетейік, Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан турнирге қазақстандық теннисшілерден Ярослава Шведова қатысқан еді. Алайда, ол доданың бірінші айналымында австралиялық Наталья Вихлянцеваға 3:6, 4:6 есебімен есе жіберген болатын.