• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Отандық ғалымдар бидайдың қуаңшылыққа төзімді сұрпын ойлап таппақ

153 рет
көрсетілді

Отандық ғалымдар бидай мен арпаның қуаңшылыққа төзімді сұрпын өсіруді ойластырып жатыр. Олар Австралия ауыл шаруашылығының озық тәсілін енгізбек. Сондай-ақ, Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің мамандары картопқа түсетін қоздырғыштың түрлерін анықтауды қолға алған. Еліміздегі ауыл шаруашылығы саласының мамандары бидайдың бір сортын шығаруға ондаған тіпті 20 жылын сарп етеді екен. Бұл мерзімді қысқартудың тиімді жолын көктемнен бастап жүзеге асырмақ. Әлемнің мен деген ауыл шаруашылық университетінен тәжірибе алған сала мамандары дәнді-дақылдардың бірнеше түріне талдау жүргізген. "Солтүстік Қазақстанның қуаң климаттық аудандарына арналған құрғақшылыққа шыдамды, өнімділігі жоғары сұрыптарды шығару - біздің мақсатымыз. Отандық селекционерлерге жәрдемдесу", - дейді егіншілік және диханшылық кафедрасының аға оқытушысы Сатыбалды Жотаев. Дәнді дақылдардың өнімділігі жақсы болу үшін оған түскен вирустық дертті ерте анықтау маңызды. Осы тұрғыда университет ғалымдары еліміздің әр өңірінде өсірілетін картопта кездесетін ауру түрлерін анықтап, арнайы банк құрған. "Картоптың вирустық ауруларын анықтайтын диагностикалық тест жүргіземіз. Бұрындары шетелдің тәсілді қолданатынбыз. Қазір отандық диагностикалық тесті пайдаланамыз. Осы арқылы картоптың жапырағына, тамырына немесе өніміне түскен дертті анықтай аламыз. Бұл дегеніміз өнімділіктің артуына кепілдік береді", - дейді карантиндік өсімдіктер кафедрасының оқытушысы Вадим Хасанов.