• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Универсиада-2017. Хоккейден қыздарымыз Канададан ойсырай ұтылды

168 рет
көрсетілді

Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында қыздар арасында хоккейден Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Канададан 0:11 есебімен ойсырай ұтылды. Б.Шолақ атындағы спорт сарайында жерлестеріміз алғашқы екі кезеңде үш шайбадан, ал үшінші 20 минутта бес шайба жіберіп алды. Осы жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы Универсиада медальдарынан шет қалды. Бұл топтық кездесудегі соңғы ойын болатын. Айта кетейік, үш ойынның қорытындысы бойынша қыздарымыз үш ұпай иеленді. Алғашқы матчта Ұлыбританияны 11:0 есебімен ұтып, жанкүйерлеріне үлкен үміт сыйлағанмен, артынша Аспанасты елінің хоккейшілеріне 1:4 есебімен есе жіберіп алды. Қазақстан – Канада 0:11 (0:3, 0:3, 0:5) 0:1 – 11:11 Магвуд (Бейли, Дубоис). Ойыншы басымдығы 0:2 – 14:17 Йазолино (Дубоис, Марриот). Тең дәрежелі 0:3 – 17:39 Дубоис (Магвуд, Аперсон). Тең дәрежелі 0:4 – 30:48 Одди (Йазолино, Кормиер). Тең дәрежелі 0:5 – 47:14 Аперсон (Гевелин, Кайли). Тең дәрежелі 0:6 – 38:33 Лейбели (Одди, Кормиер). Тең дәрежелі 0:7 – 41:50 Лейбели. Тең дәрежелі 0:8 – 52:07 Гослинг (Лейбели, Кормиер). Тең дәрежелі 0:9 – 52:26 Лейбели (Гослинг, Кормиер). Тең дәрежелі 0:10 – 54:11 Аперсон (Магвуд). Тең дәрежелі 0:11 – 57:40 Магвуд (Дубоис, Гослинг). Тең дәрежелі