• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2017

Балаларды баураған «Жекпе-жек»

302 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_97749" align="aligncenter" width="560"] ?[/caption] Пәтер жалдап, шеберхана ашыпты. Осы жерде «Алтын адам», «Барыс», «Жоңғар мен қазақтың жекпе-жегі», «Қаракерей Қабанбай», «Шапырашты Наурызбай» мүсіндерін бейнелеген. Біз Екібастұздың Солнечный кентінде тұратын суретші, қол­өнерші, мүсінші ағамыз Еркінжас Мұхамеджановпен жолсапар барысында таныстық. Еркінжас ағамыз кенттегі «Мақ­пал» мәдениет үйінде «Ел іші – өнер кеніші» атты қолөнершілер үйірмесін басқарады. Алыстағы кенттің мектеп оқушылары, ауыл балалары Еркінжас ағаларынан сурет өнеріне бейімделіп, мүсіндер жасауды үйренуде. Балалар, әсіресе, ағаштан ойып жасалған «Алтын адам», «Тазша бала», «Жекпе-жек» сияқ­ты туындыларға қатты қызығады. – Балалардың мүсіндер туралы сұрақтары көп. Әсіресе, «Алтын адам», «Жоңғар мен қазақтың жекпе-жегі», «Тазша бала» жайлы тыңдай бергілері келеді. Өткен тарихты біз жасаған мүсіндер арқылы та­ныса, бұл не, бұл қайдан деп кітап­тардан, интернеттен ізде­ніп оқи бастайды ғой, – дейді ағамыз. Еркінжас Мұхамеджанов жасаған «Алтын адам» мен «Барыс» мүсіндері облыстық байқауда бас жүлдеге ие болды. Қазір қазақтың ертеден қалған көне бұйымдарымен жұмыс жасауда. Мүсіндері ойға жетелейді, мүсіншінің қолынан шыққан туындылардан терең лиризм мен эпикалық кеңдіктің өзара үйлесім тапқа­нын көресіз. Фарида Бықай, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы, Екібастұз қаласы