• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2017

Сенатор елшілермен кездесті

142 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Халық­ара­лық қатынастар, қорғаныс және қа­уіп­сіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкі­летті елшісі Итиро Кавабатамен кез­­десті, деп хабарлады осы пала­та­ның баспасөз қызметі. Кездесуде сенатор Мемлекет бас­шысының өткен жылғы қа­ра­шадағы Жапонияға ресми сапа­ры­ның нәтижелі әрі мазмұнды бол­ғанын атап өтті. Ал И.Кавабата Қазақстан мен Жапония ара­сын­дағы дипломатиялық қаты­нас­тар­дың орнағанына 25 жыл толуы­мен құттықтады және екіжақты қа­­тынастарды дамытуда мерейлі жыл қосымша серпін беретінін атап өтті. Елші екі елдің заң шығару ор­­ган­дары арасындағы ын­ты­мақ­­­­тастықты үдету мақсатында ал­­­дағы уақытта жапон парла­­ме­н­т-­­­­­­­ шілерінің сапары туралы ха­бар­­­­­дар етті. Тараптар екіжақты бай­­­­ланыстардың экономикалық, гу­­­манитарлық және мәдени мә­се­­лелерін де талқылады. Кездесу соңында Жапония ел­ші­­сі қазақстандықтарды Алматы­да­­ғ­ы Дүниежүзілік қысқы Уни­вер­сиаданың ашылуымен құт­тық­тады. * * * Дариға Назарбаева, сондай-ақ, Италия елшісі Стефано Раваньян­мен кездесті. Әңгіме барысында екі­жақты ынтымақтастық пен ха­лық­аралық аренадағы өзара іс-қи­мылдың бірқатар мәселелері тал­қыланды. Сауда-экономикалық ж­ә­не мәдени байланыстарды дамы­туға баса назар аударылды. Атап айт­қанда, кездесуге қатысушылар инвес­тицияға өзара қолдау біл­ді­ру және бизнесті қорғаудың заң­на­ма­­лық мәселелерін қарастырды. Д.Назарбаева­ның пікірінше, Қазақстан Италия бизнесінің көрші мем­лекеттер нарығына шығуы үшін тамаша көпір бола алады. С.Раваньян Италияның ЭКСПО-­2017 халықаралық көр­ме­­сіне қатысуы туралы әңгімеледі. Италияның бірқатар аймағын бел­сен­ді түрде тарту, сондай-ақ, опе­ра өнерінің жұлдыздары қа­ты­­сатын ауқымды мәдени бағ­дар­ламалар ұйымдастыру көзделіп отыр. Д.Назарбаева екі ел арасындағы се­німді қатынастар орнатуда пар­ламентаралық үнқатысудың ма­ңыз­­ды рөлін атап өтті. Осыған бай­­ланысты парламенттік де­ле­гациялардың сапарлары екі­жақ­ты ын­тымақтастыққа жаңа қарқын бе­ретіні көлденең тартылды. Кеше Сенатқа Германия ел­шісі Рольф Мафаэль де келді. Д.Назарбаева дипломатты Қазақ­стан­­дағы миссиясының бас­та­луы­мен құттықтады және екі ел ара­сын­дағы өзара тиімді ын­ты­мақ­тас­тықты одан әрі нығайтудағы жұ­мысының табысты болуына ті­лектестігін білдірді. Д.Назарбаева БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ре­тіндегі Қазақстанның ба­сым­дықтары туралы хабардар етіп, ха­лықаралық және ай­мақ­тық қау­іпсіздік, терроризм­ге қар­­­сы өзара тығыз іс-қи­мыл­дың ма­ңыз­дылығын атап өтті. Гер­­мания ел­шісі Сирия дағ­да­ры­сын реттеу жөніндегі Астана­да өт­кен ке­ліс­сөздерге жоғары ба­ға бер­ді. Сон­дай-ақ, екіжақты эко­но­ми­ка­лық жә­не гуманитарлық бай­ла­ныс­тар, инвестицияларды қол­дау мә­селелері де қозғалды. Сенатор неміс дипломатын Қазақстан Парламентінің қыз­ме­­тімен таныстырып, конс­ти­ту­ция­лық реформалар мен Мем­ле­­кет басшысының «Қазақ­стан­­­ның­ үшін­­ші жаңғыруы: жа­һан­дық бә­­се­кеге қабілеттілік» Жол­дау­ын жү­зеге асыруға заң шы­ға­ру­шы­­лард­ың қатысуы туралы ай­тып бер­ді.