• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2017

Қоғамдық келісім кеңесінің қадағалауында болады

235 рет
көрсетілді

Татулықтың тірегіне, ынтымақтастықтың ұйытқысына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы алғашқылардың бірі болып Жолдауға байланысты үнқосу үшін республикадағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері Алматыдағы Достық үйінде бас қосты.  Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Питаленко, ҚХА Ке­ңе­сінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің белсенділері, жас­тар ұйымдары, ҚХА Ғы­лы­ми-сараптамалық кеңесі мен зиялық қауым өкілдері, ҚХА-ның өзге де құрылымдарының басшылары қатысты. Жиын барысында Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қа­білеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы, сондай-ақ, Мемлекет басшысының конс­ти­туциялық реформасына байланысты ұсыныстарды әзірлеу мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысының еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді, экономикалық өсімнің жаңа моделін құруды мақсат еткен биылғы Жолдауына орай арнайы баяндама жасаған Ералы Тоғжанов бірнеше негізгі бағыттарды атап өтіп, олардың мазмұнына тоқталды. Біріншіден, Президенттің Жолдауы Қазақстанның әрбір азаматының өмір сапасын арттыруға арналған.  Екіншіден, Қазақстанның үшінші жаңғыруы Мемлекет басшысының саяси-конституциялық реформасының қисынды жалғасы ретінде елді демократияландыру үшін берік экономикалық және әлеуметтік негіз құрайды. Мемлекеттің, қоғамның, Қазақстан халқының жаһандық тарихи ауқымда экономикалық және саяси дамуын реттейді. Үшіншіден, бұл Жолдау – қазақстандық бірегейлік пен бірліктің, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың экономикалық, әлеуметтік нығаюы мен дамуының алгоритмі немесе тиімді жолы. Ералы Тоғжанов Президент айқындап берген Үшінші жаңғырудың негізгі бес басымдығына тоқталды. Олар: экономикалық жеделдетілген технологиялық жаңғыру, дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру, еңбек нарығын жаңғырту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институттық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес. Негізінен, бұл Жолдауды – Ұлы Дала елінің экономикалық, әлеуметтік, технологиялық және ғылыми дамуының стратегиялық жоспары деуге болады. Нәтижелі реформа жасау белгілі мерзімге немесе жариялау уақытына байланысты. Ерте жарияланса, қоғамның түсінуі қиын, кеш жарияланса, мемлекет дамуын тежейді. Елбасының саяси көрегендігі – осы уақыт мәселесін дөп басып, реформаны мерзімі піскен кезде жариялап отыр. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде бүгінгі Жолдау мақсаттарының іргетасы кезең-кезеңімен құралды. Ол, ең алдымен, елдегі бірліктің арқасында жеткен жетістіктер, білімді қоғам – интеллектуалды ұлт тәрбиелеу және болашағына нық сенімді Біртұтас Ұлт қалыптастыру. Елбасының жоғары технологияға байланысты айтқан ойының түбінде интеллектуалды ұлтты қалыптастыру мәселесі тұр. Сондай-ақ, ауылдық мекендерді қала деңгейіне теңестіру мәселесін де қоғамның өзі көлденең тартып, күн тәртібіне шығарды. Елбасы атап көрсеткен мәселелердің бәрі де халықтың көңілінен орын табуда. Бұл тұрғыда Ассамблея жанынан құрылған Қоғамдық келісім өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді. Төрағаның орынбасары Ералы Тоғжанов Президент белгілеп берген жоспарлы міндет пен тапсырмалардың біразы тікелей әр облыс, әр аудан, тіпті әр ауылда құрылатын Қоғамдық келісім кеңестерінің арнайы қарауында, қадағалауында болатынын айтты. Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ