• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2017

Еліміз Төртінші өнеркәсіптік өрлеу жолында

146 рет
көрсетілді

Өткен ғасырдың 70-жылдары белгілі америкалық футу­ролог Элвин Тоффлер өзінің әйгілі бестселлері «Болашақ­тың таң­ғажайыбы» атты шығар­масында алдағы компьютерлік ғасырдың ғаламатын қиялмен суреттегені белгілі. Қаламгердің сәуегейлігі таңғаларлықтай көрегенділік екеніне бүгінде көзіміз жетуде. Қазіргі уақытта өмірімізде элек­трондық құралдардың төрімізге еніп, төрелік етуі осыған айқын дәлел болмақ. Жаңғырудың қазіргі дәуі­рі әлемдік экономиканы жаһан­дық деңгейде цифрландыру­ды көздейтін Төртінші өнеркәсіптік революцияны бастан өткеруде. Сондықтан, ауыспалы техно­ло­гиялық тұрмыс салты тұсында қол­­да бар резервтерге неғұрлым үміт арту, бейнелеп айтқанда, кел­­мес­ке кері кетумен тең бол­мақ. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты жаңа Жолдауын практикалық шешім­дердің арсеналына арқасүйей отырып, академиялық бастаулармен үйлесімді үндесетін жаңа үлгідегі құжаттардың қатарына енгізуге болады. Халық Мемлекет басшы­сы­ның жаңа Жолдауын шынайы тағатсыздықпен күтетіні құпия емес. Қоғам әрбір Жолдаудан бар­шамызды толғандыратын көкей­кесті мәселелерге жауаптар із­дейді. Президент әрдайым қазақ­стан­дықтардың сауалын қана­ғат­­тандыратын бірегей әрі дәл жауап­тар тауып келеді. Егер мәсе­ленің шешімі кейінге қал­ды­рылған жағдайда, тиісті мер­зім­­нің өзгеру себептерін тұ­жы­­рым­ды және нақты түрде түсін­діреді. 2017 жылғы Жолдау – тео­рия­лық-практикалық түрде салмақ­талған жоғары деңгейдегі құжат. Онда Қазақстан жолының мазмұнды құрамдасы: Жаңғыру үштігінің қысқаша түсіндірмесі беріледі. Дәлірек айтсақ,  Бірінші жаңғыру – әлем картасында жаңа мемлекеттің құрылуы. Екінші жаң­ғыру – «Қазақстан-2030» Стра­­тегиясының қабылдануы, жа­ңа елордамыз Астананың салы­­нуы. Үшінші жаңғыру – Ұлт жоспары­ның аясында «Қазақ­стан-2050» Стратегиясын іске асыру. Елбасы әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына кіру үшін 5 негізгі басымдықты айқындайды. Басқа басымдықтардың мәнін аласартпастан назарларыңызды мына екеуіне ерекше аударып көрсек. Бірінші – экономиканың үдемелі технологиялық жаң­ғыруы және Төртінші – адами капиталдың сапасын жақсарту. Мемлекет басшысы бұл құ­жатта да жан-жақты объек­тив­тілігі мен барынша аксиома­лығын көрсете отырып, «әуелі – эко­­номика, одан кейін саясат» деп аталатын өзінің әйгілі қа­­ғи­дасын алға тартады. Әлбетте, эко­­но­миканы түбегейлі жаңғыр­тусыз басқа салалардың дамуы тура­лы сөз қозғаудың өзі артық. Ал  өзгерістердің драйвері, әрине, адами капитал болып  табы­­лады. Адами капиталды нақты жақ­­сартуда жария етілген мақ­сат­тарға қол жеткізудің кілті жатыр. Бұған біз экономикалық өсу­дің жаңа моделіне оқу-білімді түп­қазық етіп белгілеу арқылы қол жеткіземіз. Баршамыз жас мемле­ке­ті­міздің ширек ғасырдағы қалып­тасуы мен құрылуындағы қазақ­стандықтардың өмір сапасының мейлінше артқанының куәсі болып келеміз. Бүгінде елімізде халықтың орташа өмір сүру деңгейі 72 жасты құрайды. Әрине, адамның жасы ұлғайған тұста қалыпты өмірді ұстап тұру үшін медицинаның көмегіне жүгінетіні белгілі. Кейінгі кезде медициналық препараттар бағасының өсе түскені жасырын емес. Сол себепті, емдік құралдардың бағасын реттеуді енгізу қажет етілген әрі шешімін күткен шара болып табылады. Ал зейнетақыны 20 пайызға арттыру – Елбасының заманауи қуатты Қазақстанды өз қол­дарымен және зерде-параса­тымен құруға күш салған аға буынға деген ұдайы қамқор­лы­ғының айғағы. Еліміздің сатылап дамуының келесі маңызды көрсеткіші халық­тың өсімі болып табылады. Бүгінде біздің халқымыз 17,9 млн адамды құрайды. Жы­лына 400 мыңның шамасында нәресте дүниеге келеді. Осы­лайша қазақстандықтар ел Пре­зи­дентінің сындарлы саяса­тына қолдау көрсетуде. Сондық­тан Мемлекет басшысы күр­делі экономикалық кезеңге қара­мастан, бала өмірге келгенде бір реттік берілетін жәрдемақының мөлшерін 20 пайызға өсіру жөнінде шешім қабылдады. Бастысы, Мемлекет басшы­сы­ның Жолдауы ағымдағы сан алуан өзгерістерді түсіндіре отырып, өмірлік тұжырымдарға қозғау салады және бізді алдағы іс-әрекеттеріміздің нақты кешенді бағдарына бастайды. Еліміздің Үшінші жаңғыруы жөніндегі «Қазақстанның Ұлт­тық технологиялық бастамасы» атты 2025 жылға дейінгі дамудың жаңа стратегиялық жоспары Ұлы Дала елінің одан әрі өрлеуі мен өркендеуіне жол ашатынына сенімдіміз. Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы