• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2017

Н.НЫҒМАТУЛИН: Қазақстанның өркендеу тарихындағы маңызды белес

258 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин палатаның бүгінгі жалпы отырысын Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан бастады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Жолдаудың кеше ғана бар­лық ақ­парат құралдарында жарық көр­генін алға тартқан Н.Нығ­ма­тулин: – Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауы – елі­міздің тарихи белесін баста­ған өте маңызды құжат. Онда Елбасымыз Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берді. Осы кезеңде, әсіресе, ұлттық экономиканы көтеруге ерекше көңіл бөлінді. Бұл ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайын күшейтуге ықпал етеді, – деді. Спикер атап өткендей, Жол­дау заң шығару органының алда­ғы нақты мақсаттарын көр­сетумен қатар, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында «Қазақ­стан-2050» Стратегиясын нәти­желі жүзеге асыру үшін барша қа­зақстандықтарды бір мақсат­қа біріктіретін қуатты күшке ие. Депутаттық корпустың алдында тұрған ендігі басты міндет – маңызды құжатты еліміздің әрбір азаматына, әрбір отбасына жеткізіп, түсіндіру. Кең көлемді насихат жұмыстарын қолға алу. Осыған байланысты Мәжіліс депутаттары барлық аймақтарды аралап, халықпен кездесуге шығады.