• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2017

Станимир Стойлов «Астанадан» кетуі мүмкін

85 рет
көрсетілді

Болгариялық «Левски» клубының басшысы Спас Русев келесі жылы командасына «Астана» клубының бас жаттықтырушысы Станимир Стойловты шақыруға ниеттеніп отыр. Бұл туралы ол Sportal.bg порталына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлады vesti.kz. «Расында, біз Стойловты командаға шақыруға ниеттіміз. Бірақ, бұл істі биыл емес, келер жылы жүзеге асыруға тырысып көремін. Өз басым бұрынғы бапкеріміз Любко Петровичтің ұжымнан кеткенін қалаған жоқпын. Керісінше, оның маусым соңына дейін жұмысын жалғастырса деп едім. Венгер немесе Фергюсон секілді мамандар қызмет етсе үлкен арманымның бірі орындалған болар еді. Ал қазіргі Елин Топузаков бізбен бірге ұзақ болады деп ойламаймын.», – дейді Русев сұхбатында. Айта кетейік, Станимир Стойлов 2003-2008 жылдар аралығында «Левски» командасын жаттықтырған еді. Ал «Астанаға» 2014 жылдан бастап жетекшілік етіп келеді. Бапкердің келісімшарты 2017 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.